“Ислам және бизнес: қаржы мен инвестицияның өзекті мәселелері” атты халықаралық форумға шақырамыз.
Форумның мақсаты – өз кәсібінде ислам қағидаттарын басшылыққа алуға тырысатын кәсіпкерлердің исламдық қаржы жүйесі бойынша білімін арттыру, қаржы және инвестицияға қатысты өзекті мәселелердің діни-этикалық аспектілерін талқылау.
Төмендегі сұрақтарға жауап ала аласыз:
1) Ислам банктерінің бизнесті қаржыландыру тәжірибелері
2) Қазақстанда исламдық қаржы саласы неліктен дамымай тұр?
3) Мудараба келісімшартын қолдануда жиі кездесетін қателіктер
4) Криптовалютаға инвестиция салудың қаржылық рисктері мен шариғи үкімдері
5) Қазіргі жағдайда кредитсіз бизнес ашып дамыту мүмкін бе?