🇰🇿НҰР-МҮБАРАК УНИВЕРСИТЕТІНЕ ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЛМАТЫДАҒЫ БАС КОНСУЛЫ БАСТАҒАН ДЕЛЕГАЦИЯ КЕЛДІ

✅Бүгін Нұр-Мүбарак университетіне Өзбекстан Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Аброр Фатхуллаев бастаған делегация ат басын тіреді. Мәртебелі меймандарды Нұр-Мүбарак университетінің ректоры, профессор Мұхаммад аш-Шаххат қабылдады. Өзара танысып, университеттің тыныс-тіршілігі жайлы ғана емес, екі ел арасындағы ежелден туыстық қарым-қатынас туралы да кеңінен қозғалды.
✅Делегация ректор қабылдауынан кейін университетте Өзбекстаннан келіп білім алушы жастармен жүздесті. Олардың қатары -39. Негізгі мақсат, алдағы 30 сәуірде өтетін Өзбекстан Республикасы Конституциясының жаңа референдумы жайлы түсіндіру. Бас консул екі ел достығы жайлы айта келе референдумды жан-жақты түсіндіріп өтті. Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевтің адам құндылығын негізгі нысана етуі жайлы кеңінен сөз етті. Сондай-ақ Өзбекстан мұсылмандар діни басқармасының Самарқанд өкілінің орынбасары Яқубжан Мансуров пен Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының Ташкент қаласы Ислам ата мешітінің имам-хатибі Иулдошали Каримов студенттерге дін төңірегінде насихат айтты.
✅Өзбекстандық делегация қазақ пен өзбек халықтарының ежелден діні бір, тілі туыс, тату-тәтті көрші елдер екенін мақтанышпен айта келе, алдағы өтетін референдумға студенттердің белсенді дауыс беретіндіктеріне сенім артты. Білім алу жолында сәттілік пен береке тілеп, шынайы тілеулестіктерін білдірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *