Нұр-Мүбарак университетіне Өзбекстанның Халықаралық ислам академиясының өкілдері арнайы зиярат етті. Атап айтсақ, Өзбекстанның Халықаралық ислам академиясы, «ЮНЕСКО-ның дінтану және әлемдік діндерді салыстырмалы зерттеу» кафедрасының оқытушысы, PhD доктор Тұрамбетов Нұрилла, ӨХИА «ЮНЕСКО-ның ДӘДСЗ» кафедрасының доценті Исакжанов Рамзжон және ӨХИА «ЮНЕСКО-ның ДӘДСЗ» кафедрасының доценті Абдуллаева Мохираны университет ректоры, профессор Мұхаммад аш-Шаххат қабылдады. Ортақ тақырыпта сөз қозғап, ынтымақтастықты нығайту туралы пысықталды.
Мәртебелі меймандар НМУ Дінтану кафедрасымен танысты. Кафедра меңгерушісі филос.ғ.к., доц.м.а. Айымжан Рыскиева тек кафедра жайлы ғана емес, еліміздегі дінтану саласындағы мәселелер жайлы да таныстырып өтті. Сондай-ақ «ACTUAL PROBLEMS OF RELIGIOUS STUDIES» тақырыбында магистарнтармен семинар өтті. Кездесу аясында Нұр-Мүбарак университеті мен ӨХИА арасындағы 2018 жылдың 6 наурызындағы келісімшартқа сәйкес болашақта академиялық ұтқырлық бағдарламасымен магистранттардың тағылымдамасын ұйымдастыру жайлы айтылды.
Өзбекстандық дінтанушы ғалымдардың Нұр-Мүбарак университетіне сапары екі тарап үшін сәтті де берекелі болды деген сенім мол.




