ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлінің төрағалығымен Астанада дін саласы бойынша арнайы семинар-кеңес өтті. Семинар барысында Нұр-Мүбарак университетінің Стратегиялық даму секторы маманы Естай Қалмұрат министрдің қолынан алғыс хат алды.
Алғыс хатта «Дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мен интернет кеңістікте діни экстремизмнің алдын алу бағытында жемісті қызмет атқарғаныңыз үшін алғыс білдіремін» делінген.
Естай Қалмұрат министрдің бұл алғысына Алматы облысы Дін істері басқармасымен бірігіп жүзеге асырған «DINTALQY» жобасы үшін ие болғандығын атап өткіміз келеді.

