Нұр-Мүбарак Египет Ислам Мәдениеті Университетінің ректоры Мухаммад аш-Шаххат ал-Жинди Түркиядағы жер сілкінісіне байланысты Алматыдағы Түркия Республикасының Консулдығына барып көңіл айтты.

Бас консул Али Рыза Акынжы мырзаның арнайы қабылдауында болған университет ректоры Мысыр елі мен Түркия Республикасы арасындағы өзара ынтымақтастық пен бауырластыққа тоқталып, Мысыр халқының қашан да Түркияның тілекшісі екентігін тілге тиек етті.

Мұсылмандардың бір ағзадай болғандығын, егер ағзаның бір жері сыздап ауырса, басқа мүшелерінің де мазасы кететіндігін еске салған ректор мырза Түркиядағы жағдайдың да барша мұсылмандардың қабырғасын қайыстырып, жүрегін сыздатқанын атап өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *