Түркия Республикасында болған жер сілкінісі барша қазақ елінің қабырғасын қайыстырды. Нұр-Мүбарак Египет Ислам Мәдениеті университеті ұжымы да қазаға ортақ екенін білдіру үшін Алматыдағы Түркия Республикасының Консулдығына барып, көңіл айтты.

Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Али Рыза Акынжы мырзаның арнайы қабылдауында болған университет проректоры Қайрат Құрманбаев пен университет жанындағы Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл академиясының директоры Тимур Нүсіпханұлы түрік халқына көмек ретінде университет ұжымының бір күндік жалақысын табыстады.

«Түркия Республикасындағы жағдай баршамыздың қабырғамызды қайыстырды. Апатта қаза тапқандардың жақындарына сабыр, Түркия Республикасына амандық тілей отырып, Нұр-Мүбарак университеті ұжымы атынан көңіл айтамыз. Алла Тағала қазаның артын қайырлы етсін», – деді Нұр-Мүбарак Египет Ислам Мәдениеті университетінің проректоры Қайрат Құрманбаев.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *