✅НҰР-МҮБАРАК УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «БІЛІМ-ҚАЗЫНА» ҚОРЫНЫҢ СТУДИЯСЫ АШЫЛДЫ

Бүгін қасиетті жұма күні Нұр-Мүбарак университетінде жаңа отаудың тұсауы кесілді. Атап айтқанда, университет жанынан құрылған «Білім-Қазына» қоғамдық қорының қолдауымен жаңа студия ашылды. Заманауи талаптарға сай түрлі сұхбаттар мен подкасттар түсірілетін студиялық орталықтың тұсауын Нұр-Мүбарак университетінің проректоры, PhD доктор Қайрат Құрманбаев пен «Білім-Қазына қоғамдық қорының президенті Абдунаим Сейдмұхаммед мырзалар кесті.

Елімізге, халқымызға, жұртымызға, дінімізге абырой тілеп, ел тұрақтылығына қызмет етіп жүрген Нұр-Мүбарак университетіне жетістіктер мен табыстар тілеген проректор Қ.Құрманбаев:

Алладан осы студияның жұмыстарына ұйытқы болатын «Білім-қазына» қоғамдық қорына толағай табыстар мен береке тілейміз. Жаңа университет құрылысы ойдағыдай аяқталуын, ғылымға бет бұрған жастарымыз көбейіп, әлемдік ислам өркениетін қалыптастыратын білімді де білікті мамандардың шығуын нәсіп еткей,-деп тіледі.
Бұл студия енді университеттегі ғалымдар мен ұстаздардың, елге танымал тұлғалардың сүбелі сұхбат құратын отауына айналады деген сенім мол. Негізгі мақсат, еліміздегі ата дініміздің дұрыс бағытта дамып, имандылықтың өркен жаюына ықпал ету дейді ұйымдастырушылар. ​ ​

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған