Нұр-Мүбарак университетінің «Білім-Қазына» қоғамдық қорының қолдауымен Тәрбие істері және әлеуметтік даму департаментінің маманы Гульвира Заурбекова «Шебер» тігін үйірмесінің ерікті қыздарымен маска тігу жұмыстарын жүзеге асыруда.

Қазіргі таңда үйірме еріктілері екі күннің ішінде 200-ге жуық маска тігіп шықты. Оның 100-ге жуығын Нұр-Мүбарак университетінің қызметкерлері арасында тегін таратып үлгерді.

Г.Заурбекова халықты коронавирус індетімен бірге күресуге шақыра отырып, маска тігу жұмыстары әрі қарай жалғаса беретіндігін айтады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *