🇰🇿СҮЙІНШІ! ҚАСИЕТТІ РАМАЗАННЫҢ БЕРЕКЕЛІ КҮНІНДЕ ЖАҢА ОҚУ ҒИМАРАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ!
✔️Еліміздегі ислам ілімінің қара шаңырағы Нұр-Мубарак Египет ислам университетіне білім алуға талпынған талапкерлер жыл сайын артып келеді. Сондықтан студенттерге жаңа оқу ғимаратының қажеттілігі бірнеше жылдан бері өзектілікке айналған болатын.
Осы мақсатта арнайы «Білім-Қазына» қоры құрылып, дайындық жұмыстарын жүргізіп келді.
🔰Алғашқы іргетасы 2020 жылы желтоқсан айында қаланып, содан бері құрылыс аймағы қоршауға алынып, іргесі қазылып, құжаттық жүмыстары жасалған еді.
✔️Міне бүгін «Бисмилла» деп 9 қабатты жаңа ғимаратының құрылысы басталды!
☑️»Білім-Қазына» қорының президенті Оралхан Сейдманов
«Аллаға шүкір, көптен күткен тарихи сәт. Барша ат салысып жатқан жандарға Алла разы болсын. Бәріміз бірге осы ғимараттың ашылу салтанатында бас қосуымызды Алла нәсіп етсін🤲» деп жүрек жарды тілегін көпшілікпен бөлісуде.