ТҮРКИЯЛЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ НҰР-МҮБАРАК УНИВЕРСИТЕТІ МЕН ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМГЕ ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АКАДЕМИЯСЫМЕН ТАНЫСТЫ
✅Алматыда «Радикализмнің алдын алудағы Қазақстан мен Түркияның тәжірибесі: теориялық мәселелер мен практикалық шешімдер» тақырыбында екі ел арасында арнайы семинар өтуде.
🇹🇷Түркияның Дін істері басқармасы мен Алматы қаласындағы Түркияның Бас Консулдығы, сондай-ақ Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан халықаралық семинар лекторлары Нұр-Мүбарак университетіне арнайы келді.
✅Түркия тарапынан келген лекторлар мен өзге де бауырлас қонақтар университеттің тыныс-тіршілігімен қатар Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл академияның жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ студенттермен сұхбаттасты.