Ең сенімді хадис кітаптарында кездесетін бұл дұғаны бізге атақты сахаба Абдулла ибн Омар (р.а.) жеткізген.

Ол Алла елшісінің (с.ғ.с.) бұл дұғаны міндетті түрде, күн сайын таңертең және кешке үзбей оқығанын айтады.

Сонымен қатар, Әнәс ибн Мәликтен (р.а.) жеткен бір хадисте сахабалардың бірі:

«Ең абзал дұға қандай?» − деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оған:

«Алладан дүниеде және ақыретте кешірім мен есендік сұраған дұға», − деп жауап берген.

Әлгі адам осы сұрағын үш рет қайталап сұраса да, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) осы жауабын қайталаған.

Сөйтіп, сөзінің соңында: «Дүниеде және ақыретте күнәларың кешіріліп, есендік берілсе, нағыз бақытқа бөленгенің» − деген екен.

«Маған дұға етіңдер, сендерге жауап беремін» (Хадис)

Күнделікті өмірімізде дұғаларымызды жиі оқып, Алланы зікір етіп жүрген адамның тілегі қабыл болады. Алла Тағала әрбірімізге көп сауаптан жазғай🤲

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *