Алматы өкілдігінің жылдық есеп бойынша қорытынды жиынында наиб мүфти Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы мен бас имам Төлеби Дәділұлы үздік имам-ұстаздарды марапаттады.

7 бағыт жұмысы мен өкілдік бекіткен жоспарды жүйелі атқарудағы белсенділігі үшін аудан имамдары алғыс хатпен марапатталды.

Сонымен қатар дін насихатында 7 бағыт бойынша:

1. Діни білім және ғылым;
2. Уағыз-насихат және ихсан;
3. Дін мен дәстүр;
4. Ақпарат және ағарту;
5. Қоғаммен байланыс;
6. Уақып және қайырымдылық;
7. Діни оңалту бағыты бойынша белсенділік танытқан 12 имам-ұстаздар мен мамандар алғыс хатпен марапатталып қаржылай сыйақы тапсырылды. Сонымен қатар тағы 12 имам-ұстаздар мен 7 бағытқа жауапты мамандарға алғыс хат пен шипажайға жолдама сыйлады. Оның ішінде «Білім-Қазына» қоғамдық қоры «Нұр-Мүбарак» университетінің жаңа ғимарат құрылысына қаржы тартуда белсенді болған 4 имамға шипажайға жолдама ұсынды. Бұл өз кезегінде еңбекті бағалап қолдау болса, алдағы жылда дін қызметкерлерінің қарқынды жұмысына серпін берері сөзсіз.
Марапаттарыңыз құтты болсын!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *