Бүгін Нұр-Мүбарак университетінің бірлесе, Алатау ауданы әкімдігі, Білім-Қазына қоғамдық қорының қолдауымен Ramadan-LIFE атты сенбілік өтті. Сенбілік барысында университеттің 1 – курс студенттері ұйымдастыра отырып “Нұркент” шағын ауданының түрлі қоқыстардан тазарттылды. Іс-шарада Алматы қаласы Бас имамы Төлеби Дәділұлы, НМУ Тәрбие істері және Әлеуметтік даму департаменті директоры Байзақ Мақсат алғы сөз сөйлеп, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей сенбілік жұмыстарын студенттермен бірге атқарды. Сонымен қатар сенбілікке қолдау көрсету мақсатында Әділет Рахметолла, және қала имамдары ат-салысты.

Көктемнің көркем күндерінде тазалыққа бөленген Нұркент шағынауданының тұрғындары сенбілік ұйымдастырушыларға зор алғыстарын жаудырды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған