Белгілі алаштанушы ғалым және балалар жазушысы Елдос Тоқтарбай шығармашылық жолын балаларға арналған өлеңдер, ертегілер мен әңгімелер жазудан бастаған. Оның туындылары әр жылдары «Дарабоз», «Ақ қауырсын», «Балауса» және басқа да халықаралық, республикалық әдеби байқауларда жеңімпаз атанып, жоғары бағаланған.

Жақында жазушының «Тау құсы» деп аталатын ертегі, әңгіме және хикаяттар жинағы жарық көрді. Бұл кітап балалар мен жасөспірімдердің сүйікті туындысына айналып, оқырмандардың ықыласына бөленуде. 

Елдос Тоқтарбай «Білім Қазына» студиясына келіп, өзінің жаңа кітабы туралы, оның жас оқырмандарға пайдасы жайлы ой-пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар, Алаш қайраткерлері туралы жазған еңбектерімен де таныстырып, олардың тарихи маңызы мен қазіргі қоғам үшін өзектілігі туралы әңгімеледі.

Жазушының айтуынша, «Тау құсы» кітабындағы әңгімелер мен хикаяттар балаларға тәртіпті болуды, ата-ана мен әжені құрметтеуді үйретеді. Бұл туындылар жас оқырмандардың рухани дамуына, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді. 

Елдос Тоқтарбайдың шығармашылығы мен ғылыми еңбектері қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосып, өскелең ұрпақтың тәрбиесіне оң әсерін тигізуде.

Оның «Білім Қазына» студиясындағы сұхбатын төмендегі бейнематериалдан көре аласыз:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *