Анар Қабдуллина – қазақ әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосып жүрген әдебиеттанушы, сыншы, әдеби агент және жазушы. 1974 жылы 17 ақпанда Семей қаласында дүниеге келген ол қазіргі уақытта Астана қаласында тұрады.

Әдебиет саласында Анар Қабдуллина нон-фикшн және мейнстрим жанрларының дамуы туралы пікірлерін білдіріп, оқырмандардың қызығушылықтары мен сұраныстары жайлы ой қозғайды.

Сонымен қатар, ол жазушы Рахымжан Отарбаев, Сәуле Досжанның шығармашылығы туралы зерттеулер жүргізіп, әдеби мұраларын насихаттауға атсалысты.

Жақында Анар Қабдуллина “Білім Қазына” студиясына келіп, әдеби агенттік, авторлық құқық және баспа ісі туралы ой-пікірлерімен бөлісті. Ол әдеби агенттің рөлі, автор мен баспагер арасындағы қарым-қатынас, сондай-ақ қазіргі заманғы әдеби сынның маңызы туралы құнды пікірлер айтты.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда кітап көп оқылады, тек автор жауапкершілікпен сапалы дүниелер ұсынуы керек.

Анар Қабдуллинаның әдебиетке қосқан үлесі мен сыншылық қызметі қазақ әдебиетінің қазіргі даму кезеңінде маңызды орын алады.

Оның әдебиетке қатысты ой-пікірлерін төмендегі бейнематериалдан көре аласыз:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *