Ақтау маңында болған ұшақ апаты туралы қайғылы хабарды терең күйзеліспен қабылдадық. Ұшақ бортындағы адамдардың, оның ішінде қазақстандықтардың қазасы Білім-Қазына қорының жүрегіне ауыр тиді.
Әзербайжан халқымен бірге қайғыра отырып, қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтамыз. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз.
Бұл қайғылы оқиға біздің екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықтың беріктігін тағы бір мәрте дәлелдейді. Біз Әзербайжан халқына қолдау көрсетуге және осы қиын сәтте бірге болуға дайынбыз.
Құрметпен,
Білім-Қазына қоғамдық қоры
