Жуырда Білім Қазына қоғамдық қоры Қожа Ахмет Ясауидің бай мұрасына арналған «Яссауи жолы: өткені, бүгіні, болашағы» атты арнайы подкаст дайындады. Подкастта белгілі ғалымдар Мұхитдин Исаұлы мен Мұқан Исахан қонақ болып, ұлы бабамыздың өмірі, шығармашылығы және оның қазақ халқының рухани әлеміндегі орны туралы сүбелі әңгіме өрбітті. Талқылау барысында ғалымдар Ясауидің сопылық ілімінің ерекшеліктеріне, «Диуани хикмет» шығармасының маңыздылығына, Ясауи жолының өткені мен бүгініне кеңінен тоқталды. Сондай-ақ, Ясауи мұрасын зерттеудің өзекті мәселелері мен болашағы туралы ой бөлісті. Бұл подкаст Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұрасына қызығушылық танытатын барша қауымға арналған. Подкаст арқылы тыңдармандар Ясауи жолының терең мағынасын ұғынып, оның қазақ халқының тарихы мен мәдениетіндегі маңыздылығын түсіне алады. Білім Қазына қоғамдық қоры алдағы уақытта да қазақ тарихы мен мәдениетінің өзекті мәселелеріне арналған осындай тағылымды жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *