Қазақстанда Брайль әдісі арқылы Құран Кәрім оқу мүмкіндігі артты

Қазақстанда көзі көрмейтін жандарға Брайль әдісі арқылы Құран Кәрімді үйрену мүмкіндігі артып отыр. ҚМДБ жанынан ашылған «Жеті нүкте» оқу орталығынан ілім алып, қари болған азамат бар. Бұл мектепке «Білім Қазына» ҚҚ да қолғабыс болып, демеушілік етіп келеді.

 

 

Қазіргі уақытта бұл игі істі ұстаз Айнұр Хұмарбекқызы жүзеге асыруда. Оның жетекшілігімен ерекше қажеттіліктері бар азаматтар қасиетті Құран сөздерін оқып, рухани білімге жол ашуда. Айнұр ұстаздың қажырлы еңбегі зағип жандардың өміріне жаңа тыныс беріп, олардың қоғаммен тығыз араласуына мүмкіндік жасауда.

 

«Білім Қазына» қоғамдық қорының көмегімен онлайн білім беруді жолға қойдық. Зағип жандарға, оның ішінде кейіннен көзі көрмей қалған кісілерге онлайн түрде үйрену екі есе жұмыс. Бірақта ол кісілер оған қарамастан білімдерін жалғастыру, яғни, Алла Тағалланы тану, ислам дінін тану мақсатында ешқандай шектеу жоқ екендігі барлық жағынан мүмкіндік бар екенін «Білім Қазына» қоры да бізге бір жағынан қолдау болды», — дейді Айнұр Ұстаз.

 

Алдағы уақытта Брайль әдісін меңгерген ұстаздар даярлау жоспарланып отыр. Бұл қадам әлеуметтік маңызға ие, себебі білімді мамандардың саны артса, рухани білім беру кең ауқым алып, көптеген жанның өміріне оң өзгеріс әкелмек.

 

Қоғам үшін бұл бастама тең мүмкіндіктер жасаудың жарқын үлгісі болмақ. «Білім Қазына» қоғамдық қоры демеушілік танытқан бұл жоба әр адамның білімі мен рухани дамуына құқығы бар екенін дәлелдейді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *