«Білім-Қазына» ҚҚ-ның Түркияға сапары жалғасуда.
Қор ұжымы «Стамбұл 29 мамыр» университеті Қамқоршылық кеңесінің төрағасы, доктор Тайяр Алтықұлашпен кездесті.
Дін істер басқармасының бұрынғы басшысы бүгінде түбегейлі ілімге бет бұрып, қадым заманғы құран нұсқаларын зерттеумен айналысады. Әсіресе Омар (р.а) заманында жазылған қасиетті кітаптың нұсқалары жайлы толымды еңбектерімен ғылымсүйер қауымға белгілі. Бір айта кетерлігі, дәл осы бағытта, яғни көне құран жазбаларын індете зерттеп жүрген тек адам – Тайяр Алтықұлаш. Тоқсанға таяған ақсақалмен әңгімеміз дәл осы тақырыпта өрбіді. Жуырда қордың әлеуметтік желідегі парақшаларына жариялаймыз.

