С. Аманжолов атындағы ШҚУ «BILIM-QAZYNA» қоғамдық қорымен меморандумға қол қойды. Қор президенті Абдунаим Сейдмухаммед. Қол қойылған құжат бірлескен ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыруды және кадрлар даярлау саласында тәжірибе алмасуды көздейді. Тараптар практикалық дәрістер мен семинарлар өткізу, оқу құралдарын бірлесіп басып шығару, білім беру саласында консультативтік және сараптамалық жұмыстар жүргізу туралы уағдаласты.
Құттықтау сөзінде ШҚУ ректоры Мұхтар Төлеген бес жылдық серіктестіктің негізі болатын шарттың бірегейлігі мен маңыздылығын атап өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *