Бүгін Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде «Білім-қазына» қоғамдық қорымен өзара келісім меморандумына қол қойылды. Университет Басқарма-төрағасы-ректор міндетін атқарушы Гүлжан Сүгірбаева мен қоғамдық қор президенті Сейдмұхаммед Абдунайм келісім құжаты негізінде алда атқарылар ортақ мақсат пен міндеттерді нақтылады.

Меморандум мақсаты кадрлар даярлау саласында тәжірибе алмасу, сондай-ақ осы салада өзара қызығушылыққа сәйкес ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру болып табылады. Оқу орнында тарих-дінтану мұғалімін даярлау бағыты бойынша мамандар мен қажетті кітаптар тапшылығы байқалады. Осыған байланысты аталған қор тарапынан сарапшылар лекция-семинарлар өткізіп, көптеген бірлескен шараларды бірге ұйымдастырмақ.

Ресми келісімнен кейін Сейдмұхаммед Абдунайм оқытушылар мен студенттерге арнайы дәріс оқыды.

Фото Береке Сейітжаппар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *