Көктемнің құлпырған шағында мамырлатып қасиетті Түркістанға ат басын тіредік. Білім-Қазына қоры мен Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті өз арасында ғылыми тәжірибе алмасу, іс-шаралар мен семинарларды бірге өткізу, оқулықтар шығару жөнінде меморандум жасасты. Ынтымақтастық рәсіміне аталған оқу ордасының вице-президенті профессор Нази Генж қол қойды.
Бұйырса, алдағы уақытта Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті Теология факультетінің шәкірттері үшін қажетті дінтану және яссауитану оқу-құралдарын шығарып беруді жоспарлап отырмыз. Уа Жаббар Хақ, өзің жар бола көр!



