Әмір Темір; Ақсақ Темір; Темірлан — атақты түрік және моңғол тектес халықтарының билеушісі, Темір әулеті империясының негіздеушісі. 1370 жылы Мәуереннахрды басып алып, 1405 жылға дейін 35 жыл билік құрған, 27 мемлекетті қол астына бағындырған «әлем жаулаушысы». Шайқастардың бірінде Темірдің екі саусағы кесіліп бір аяғы жаншылады. Аяғы өмір бойы сырқырап ауырып ақсақ болып қалған. Ол Темирлан (дұрысы Темирленг, «ленг» парсыша-ақсақ) Ақсақ Темір атанады.

Әмір Темір (Темуридтер) империясының негізін қалаған Барлас руынан шыққан, Барлас тайпасының биі Тарағай бектің баласы. Барлас руы түркі тілдес тайпаларына жатқан, қазір ұрпақтары өзбек халқының ішіне кіреді. Барластар Шыңғысханның жаулауы кезінде, қазіргі Моңғолия жерлерінен Орта Азияға көшкен. Әмір Темірдің арғы атасы Қаражер бек еді, оның баласы Ижил бек еді, оның баласы Әйлеңгір бек еді, оның баласы Беркел бек еді, оның баласы Мұхаммед Тарағай еді, оның баласы Әмір Темір.

Қазақстан аумағындағы Темірдің ең үздік салдырған туындысы — Қожа Ахмет Ясауи кесенесі. Ол Қазақстан мен Орта Азия халықтары арасында сопылықтың кеңінен және табыспен таралуына жағдай жасаған. Ахмет Ясауи тек насихатшы емес, XII ғасырда өмір сүрген философ, ұлы ғұлама, мейірімді, кішіпейіл, ойшыл ақын ретінде түркі жұртына танымал болды. Ахмет Ясауи — халқымыздың рухани жебеушісі, кейінгі ұрпақ тәуіп етер қасиетті әулие. Оның мазараты — мәдениетіміздің мерейі, ұлтымыздың мақтанышы.

Бұл құрылысты салу себебі, 1390-95 жылдардағы қан төгіс ұрыстарда Темір Алтын Орданың өктемдігін жойып астанасы — Сарай Беркені өртеп жібереді. Міне, осы жеңістің құрметіне Ахмет Ясауидің ескі мазарының орнына жаңа үлкен мемориалды ескерткіш орнатуды ұйғарды. Осы тұрғыда мұсылманшыл Темір тек діни мақсат мүддені ғана көздеген еді деу қиын. Бұл оның беделін көтеруге, үстемдігінің мызғымас берік екендігін көрсетуге және дала жақ сыртының сенімді болуы үшін де қажет еді. Сонымен қатар қазіргі күні бұл кесене тек қазақ халқы ғана емес барша түрік-мұсылман әлемінің мақтанышына айналып отыр. Кесене қазақтың Ақ Орда мемлекетінің оңтүстік бөлігі, Сыр бойы қалаларын Темір жаулап алған жеңісінің белгісі ретінде тұрғызылды.

Кесене құрылысы жайлы негізгі жазба деректер Йездиден шыққан Шериф ад-диннің «Зафарнама-ий Теміри» («Темір жеңістері») атты кітабында баяндалған. Бұл кітапта 1397 жылы Темірдің Қызыр Қожа ханның қызы сүйіктісі Тәукел ханымға аттанғандығы жайлы жазылады. Самарқаннан Ташкентке барар жолда Ясы қыстағындағы Қожа Ахмет Ясауи басына зиярат етуге бұрылады. Мұнда ол ескі мазардың орнына зәулім кесенені тұрғызуға әмір етеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *