АХМЕТ ЯССАУИ | ӘЗІРЕТ СҰЛТАН | ТАЙҚАЗАН | ҚОЖАЛАР | УАҚЫП ДӘРІСТЕРІ | 3 ДӘРІС | БІЛІМ ҚАЗЫНА | ҚУАТ СОЛТАНБЕКҰЛЫ

Қожа Ахмет Ясауи – 1093 жылы туылған түркістандық ғұлама, әулие. Қожа Ахмет Ясауидің арғы тегі қожалар әулеті. Әкесі – Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана).

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі — аса үлкен порталды күмбезді құрылыс. Оның ені — 46,5 м, ұзындығы — 65 м. Ғимараттың орасан зор порталы (ені — 50 метрге жуық, порталдық аркасының ұзындығы — 18,2 м) және бірнеше күмбезі бар. Оның орталық залының төңірегіне түрлі мақсатқа арналған 35 бөлме салынған. Жамағатхана (мұнда қазан тұруы себепті қазандық деп аталған) күмбезінің ұшар басына дейін есептегендегі ғимараттың биіктігі — 37,5 метр. Сыртқы қабырғалардың қалындығы — 1,8—2 м, қазандық қабырғаларының қалындығы — 3 метр. Жалпы тұрқы симметриялы, жеке бөлшектері — ассиметриялы болып келетін бұл зәулім ғимарат 8 түрлі бөлмелер тобынан тұрады:

1.Қазандық;

2.Үлкен Ақсарай;

3.Кіші Ақсарай;

4.Құдықхана;

5.Кітапхана;

6.Асхана;

7.Көрхана;

8.Мешіт;

Уақып — сөздікте «қамау, кедергі болу» деген мағыналарды білдіреді[1]. Ислам құқығында уақыпты әртүрлі терминдерде қолданғандар болған. Мәселен, Имам Шафиғи (қайтыс болған жылы 208/820)[2] және Мәлики құқықшылары (фақиһлері) сонымен қатар оларға ерушілер (немесе солардың жолындағылар, артындағылар)[3] уақып үшін «хабс» немесе «хубс» сөздерінің көпше түрі «ахбас» терминін қолданған. Хабс сөзі болса сөздікте «кедергі болу», «ұстау» деген мағыналарды береді. Сонымен қатар соғыста жауынгерлердің мінген аттарын да «әл хабс» деп атаған.[4]

[1] Мұхаммед Әбул Фейд Забиди, Тәжул Арус мин Жәуаһирул Қамус, І-XXV, Дәрул Хидая , белгісіз , уақыты белгісіз, XXIV, 467-468. Мұхаммед Ән Нәжар, Әл Мужамул Уасид, орыны белгісіз, уақыты белгісіз, Дәрул Дағуа, II, 1051.

[2] Мұхаммед ибн Ыдырыс Әш Шафиғи, Әл Умм, I-XI, Дәрул Уәфә, 2001/1422. 5,104.

[3] Әбу Абдулла Мухаммед ибн Әбдусәләм ибнСайд ибн Сахнун, Әл Мәдәуәнәтул Кубра, 1-6,1323/1904,6,т98.

[4] Әз Зәһәби, 16, 520-523.

#vakf #vakif #уакыф #уақып #уакып #уакф #уақф #vakfıkebir #vakıflar

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *