КӨРМЕГЕ ШАҚЫРАМЫЗ

Ассалаума ғалайкум, құрметті бауырлар! Алматы Орталық мешітінің ұйымдастыруымен 21 қазан күні «Dastur Fest» көрмесі өтпек. Жобаның мақсаты – дін мен дәстүрдің сабақтастығын дәріптеу.

Көрмеде қазақ халқының ұлттық киімдері, ұлттық аспаптары, қол өнер және әшекей бұйымдар, дәмі тіл үйіретін ұлттық тағамдар, темір ұстасының қолынан шыққан бұйымдар, қазақи құрақ көрпелер тағы да басқа сізді таңқалдыратын ұлттық дүниелер ұсынылатын болады.

Бұдан өзге сіз қазақ халқының салт-дәстүрлерін, кимешек пен шапан шеруін, табақ тарту және ат әбзелдерімен таныса аласыз. Айтпақшы, көрмеге Абай атамыздың өзі қолданған ер тұрманын да шығарылмақ.

Сондай-ақ, шара барысында исламтанушы ғалымдар «Оқырманмен ой бөліс» жобасы аясында жамағатпен кездесу өткізетін болады.

Ендеше, құрметті бауырлар! Баршаңызды 21 қазан күні сағат 09:00-19:00 арасында Алматы Орталық мешітінің ауласында тұңғыш рет өтетін «Dastur Fest» көрмесін тамашалауға шақырамыз. Ұлттық құндылықтарымызды бірге дәріптейік.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *