УАҚЫП ДЕГЕН НЕ? | УАҚЫП ДӘРІСТЕРІ | 1 ДӘРІС | БІЛІМ ҚАЗЫНА | ҚУАТ СОЛТАНБЕКҰЛЫ
Уақып қызметінің маңыздылығы Уақып — сөздікте «қамау, кедергі болу» деген мағыналарды білдіреді[1]. Ислам құқығында уақыпты әртүрлі терминдерде қолданғандар болған. Мәселен, Имам Шафиғи (қайтыс болған жылы 208/820)[2] және Мәлики құқықшылары (фақиһлері) сонымен қатар оларға ерушілер (немесе солардың жолындағылар, артындағылар)[3] уақып үшін «хабс» немесе «хубс» сөздерінің көпше түрі «ахбас» терминін қолданған. Хабс сөзі болса сөздікте «кедергі болу», «ұстау» деген мағыналарды береді. Сонымен қатар соғыста жауынгерлердің мінген аттарын да «әл хабс» деп атаған.[4]
[1] Мұхаммед Әбул Фейд Забиди, Тәжул Арус мин Жәуаһирул Қамус, І-XXV, Дәрул Хидая , белгісіз , уақыты белгісіз, XXIV, 467-468. Мұхаммед Ән Нәжар, Әл Мужамул Уасид, орыны белгісіз, уақыты белгісіз, Дәрул Дағуа, II, 1051.
[2] Мұхаммед ибн Ыдырыс Әш Шафиғи, Әл Умм, I-XI, Дәрул Уәфә, 2001/1422. 5,104.
[3] Әбу Абдулла Мухаммед ибн Әбдусәләм ибнСайд ибн Сахнун, Әл Мәдәуәнәтул Кубра, 1-6,1323/1904,6,т98.