Жаңа оқу жылы алдындағы НМУ ұжымы үшін жаңа серпін сыйлаған қуанышты жаңалық! 2023-2025 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру бойынша Ұлттық ғылыми кеңес шешімімен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің 2 гранттық жобасын мақұлдады!
✅Жоба ұсынушылар НМУ жанындағы Әбу Ханифа ғылыми-зерттеу орталығының директоры, филол.ғ.докторы, профессор Шамшәдин Керім және НМУ Ғылым және инновация департаментінің директоры, PhD доктор, доцент Ықтияр Палтөре. Нақтырақ айтсақ:
1️⃣«Сандық кеңістіктегі ислам (Қазіргі Қазақстан мысалында)» ғылыми жобасы. Жоба жетекшісі филол.ғ.докторы, профессор Керім Шамшәдин Тұрсынұлы;
2️⃣«Әл-Фараби трактаттарындағы педагогикалық теорияларын қазіргі білім жүйесіне кіріктірудің ғылыми-әдістемелік негіздері» ғылыми жобасы. Жоба жетекшісі: PhD доктор, доцент Палтөре Ықтияр Молдатөреұлы.
Жоба жетекшілері мен мүшелеріне, ғылыми зерттеу жұмыстарына сәттілік тілейміз. Халқымыздың руханиятына, ел дамуы мен Отанымыздың баянды болашағына үлес қосатын құнды ғылыми зерттеулеріміз көп бола берсін!
💐ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!