Кездесуге Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы да қатысты.
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі қонақжайлық үшін әріптесіне рақмет айтып, екі елдің өзара тиімді қарым-қатынастарды дамытуға мән беретінін жеткізді.
Қазір Мысырдағы Әл Азһар университетінде қазақстандық студенттер оқиды. Ал Қазақстандағы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде Әл-Азһар университетінен арнайы келген ғылым докторлары мен профессорлар сабақ беріп, ғылыми бағытта қос ел әріптесе еңбек етеді.
Сондай-ақ тараптар былтыр қыркүйек айында өткен қамқоршылар кеңесінің хаттамасы аясындағы мәселелерді тағы бір пысықтап, “Нұр-Мүбарак” Египет ислам мәдениеті университетінде “Байбарыстану” орталығын ашу жайын талқылады.
Айта кету керек, бүгін Мысыр астанасы Каирде Сұлтан Байбарыс мешітінің жаңғыртудан соң қайта ашылу рәсімі болды. Оған қазақстандық делегация да барып, салтанатты іс-шара аясында бірқатар іс-шара өтті.

