Баршаңызды 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекеттік рәміздер – біздің сонау ғасырлар қойнауынан сыр шертер тағылымды тарихымыздың шынайы көрінісі. Оның мазмұнды нышандары кешегі өткенімізді айшықтап, ертеңгі мақсатымызды айқындап тұр. Рәміздердегі нышандар арқылы ұлтымыздың әлем алдындағы бейнесі қалыптасады. Сондықтан да, бұл күн барша қазақстандықтар үшін патриоттық пен намыстың мерекесі!

Қадірлі ағайын!

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз еңселі болу үшін біз өз елімізді, туған жеріміз бен Отанымызды ардақ тұтуымыз қажет. Оның ең алғашқы қадамы мемлекеттік рәміздерді құрметтеуден басталады.

Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бастаған ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай берсін!

Бірлігіміз жарасып, еліміздің жарқын болашаққа бастар жолында нық қадам жасап, ынтымағы жарасқан ел болайық! Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, рәміздіріміздің мәртебесі биік болсын!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *