🇰🇿«Ислам өркениеті кеңістігіндегі Хусамуддин әс-Сығнақи мұрасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

✅Биыл қазақ даласынан шыққан көрнекті ғұлама-ғалым Хусамуддин әс-Сығнақиға 800 жыл. Осыған орай, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 18 мамырда (2023 ж.) «Ислам өркениеті кеңістігіндегі Хусамуддин әс-Сығнақи мұрасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізбек. Конференцияға Хусамуддин әс-Сығнақи мұрасын зерттеп жүрген шетелдік танымал ғалымдар мен отандық зерттеушілер арнайы шақырылады. Сондай-ақ отандық дін ғалымдары мен көрнекті өкілдер, оқытушы- профессорлар мен ғылым ізденушілер қатысады.

✅Конференцияда төмендегідей секциялар жұмыс істейді:

1️⃣Хусамуддин әс-Сығнақи мұрасы және оның зерттелу деңгейі:
а) Хусамуддин әс-Сығнақи және ислам теологиясы;

ә) Хусамуддин әс-Сығнақидің ислам құқығы және оның негіздеріне қатысты еңбектері мен қолжазбалары;

б) Хусамуддин әс-Сығнақи – лингвист ғалым.

2️⃣Бабалар мұрасы: зерттелуі мен аудармалары ғылыми айналымда;
3️⃣Қазақ даласынан шыққан дін ғұламалары мен қайраткерлерінің ұлт бірегейлігін қалыптастырудағы орны мен рөлі.

✅Баршаларыңызды, әсіресе сала мамандарын осы халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференцияға белсенді түрде қатысуға шақырамыз.

❗️Конференцияның жұмыс тілі – қазақ, араб, орыс, түрік, ағылшын тілдері.

🔰Өтетін орны: Алматы қаласы, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті универсиетінің әл-Фараби залы.

⏰Уақыты: сағат 9:30, 18 мамыр 2023 жыл.

✅Ұйымдастыру комитеті: Ғылым және инновация департаменті,

✅тел. (уатсап нөм.): +7 775 163 35 96 Салтанат Бейсенбайқызы, e-mail: nauka@nmu.edu.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *