«Білім-Қазына» қоғамдық қоры

«Білім-Қазына» қоғамдық қоры туралы:

Қор 2015 жылы құрылды. Негізінен 3 бағыт бойынша қоғамға қызмет етеді. Алғашқы бағыт — аударма ісі. Классикалық кітаптарды қазақ қоғамына бейімдеп, құндылығын сақтай отырып оқырманға жеткізу қордың негізгі миссиясы. Осы бағытта бұрын соңды қазақ тілінде жарық көрмеген туындыларды аударуға басымдық беріледі. Атап айтсақ, Имам Раббани әл-мужаддид лил-алифи ас-сани Ахмад ал-фаруки ас-Сарһандидің «Мактубад» шығармасы, Мухаммад Әли әс-Сабунин қалдырған «Аятул Ахкам», Әбул Хасан әл-Мауарди жазған «Адаб китабуд дуния уад дин» сынды еңбектер адамзат қалдырған ақыл-ойдың ең құнды жәдігерлер санатына жатады. Бұндай тың туындылармен қазақ қоғамы сусындап, оның пайдасын һәм рухани күшін алуы қажет.

Екінші бағыт — медиа. Қарышдап дамыған технология жетістіктеріне сүйеніп аудио-видео арқылы құнды жәдігерлерді жеткізу үшін «Білім-Қазына» ютуб арнасы ашылды. Ол алаңда танымдық подкастар мен арнайы жобалар жиі жарық көреді. «Бабалар ізімен», «Уақып дәрістері», «Өмір иірімдері», «Сан сауалға бір жауап», «Bilim Qazyna International» сынды тұрақты айдармен танымдық видеолар жарияланып тұрады. Оның сыртында деректі фильм топтамасы тағы бар. Жошы ханға арналған сериалы видео жарық көргенін тұрақты тілеулестер жақсы біледі. Қожа Ахмет Ясауи бабамыз жайлы көлемді деректі фильм дайындалып жатқанын айтып өткен жөн. 

Үшінші бағыт — көмек. Қор қоғамдық іске мұрындық болып біршама игі іске демеушілік етіп отыр. Атап айтсақ, Республикаға белгілі бір медресені күнделікті нанмен қамтамасыз етуде. Брайл әдісімен құран оқытуды үрететін ұстазға айлық жалақы тағайындап, зейіні ерек көру қабілеті нашар азаматтардың білім алуына жағдай жасап келеді. Қор қоғамға пайдалы, изгілік пен игілікті дәріптеу жолында жеке-дара аталмаған талай істің басы-қасында. Құрметті оқырман, қадірлі жамағат сізді де сапымызға қосылып, жақсылыққа ортақ болуға шақырамыз. Егер, атқарған ісіміз көңіліңізден шығып, сіздің қажетіңіз бен көздегеніңізді қамтып жатса, қаржылай қолдау көрсетуге де болады. 

Ол үшін:

-kaspi.kz ашып
-платежи бөліміне кіріп
-все дегенді таңдап
-“Білім-Қазына” деп іздейсіз

-счетқа өзіңіз қалаған сумманы садақа етіп сала алады.